dc.description.abstract |
Өзгермелі әлем жағдайында қоғам, мемлекет және құқық
алдында тұрған міндеттер өзгертіліп, үнемі күрделене түседі.
Ол – мақала тақырыбының өзектілігімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, олардың ішіндегі ең маңыздылары заңды мінез-құлықты қамтамасыз ету, құқықтық нигилизм деңгейін
азайту, құқықтық мәдениет пен құқықтық сана деңгейін арттыру болып қала береді. Сонымен қатар, адам, қоғам және
мемлекет қызметінің салаларын аксиологиялық өлшеудің мәні
объективті түрде артып келеді. Құқықтық ғылыми қоғамдастық өкілдері құқықтың өзекті мәселелерін зерттеу барысында
құндылыққа бағдарланған тәсілге, оның ішінде конституциялық
аксиологияға маңызды мән береді. Зерттеу пәні болып консти-
туциялық құндылықтардың жеке тұлғаның мінез-құлық заңдылығына әсері табылады. Зерттеудің мақсаты – теңдік сияқты
құндылық мысалында конституциялық құндылықтардың жеке
тұлғаның заңды мінез-құлқына әсер ету механизмін анықтау.
Мақаланың жаңашылдығы конституциялық құндылықтардың
адамның құқықтық мінез-құлқына әсер ету мәселесі бүгінгі
күні аз зерттелгендігімен ғана емес, сонымен қатар бұрын отан-
дық заң ғылымында зерттелмегендігімен анықталады. Зерттеу
барысында жүйелік талдау, синтез, индукция, салыстыру, аб-
стракция, сонымен қатар феноменологиялық және әлеумет-
тік-мәдени танымның жалпы ғылыми әдістері қолданылады. Мақалада ежелгі және басқа
ойшылдардың құндылығын түсіну туралы философиялық көзқарастар, конституциялық
құндылық ұғымы қарастырылады. Автор теңдіктің конституциялық құндылық ретіндегі
бірқатар философиялық және құқықтық түсіндірмелерін зерттеді. Конституциялық құн-
дылықтар адамның құқықтық санасының элементі және оның құндылық бағдары бола отырып, құқықтық мінез-құлықты анықтайды деген тұжырым бар |
ru_RU |