Digital repository of KAZGUU University

Конституциялық теңдік қағидаттары және олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуы: ғылыми талдау және практикалық қырлары

Show simple item record

dc.contributor.author Құсайынқызы, A.
dc.date.accessioned 2026-01-09T06:06:18Z
dc.date.available 2026-01-09T06:06:18Z
dc.date.issued 2025
dc.identifier.uri http://repository.mnu.kz/handle/123456789/2639
dc.description.abstract Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген теңдік қағидаттары ұлттық гендерлік саясаттың нормативтік өзегіне айналды. Алайда құқықтық және институционалдық практикада бұл нормалардың толық жүзеге асуы әлі де кедергіге тап болуда. Мақалада конституциялық теңдік нормалары мен мемлекеттік саясат арасындағы алшақтықтың себеп-салдары талданып, халықаралық стандарттармен салыстыру негізінде проблемаларды еңсерудің тетіктері ұсынылады. Зерттеу құқықтық талдау мен салыстырмалы әдісті, сондай-ақ эмпирикалық деректерді қамтиды. Нәтижесінде формалды теңдік пен нақты орындалу арасындағы алшақтық анықталып, институционалдық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Зерттеу конституциялық теңдік қағидаттары мен мемлекеттік гендерлік саясат арасындағы имплементациялық алшақтықты құқықтық-институционалдық тұрғыда кешенді диагностикалап, оны деректермен негіздейді. 2024 жылғы 23 шілдедегі Конституциялық Соттың № 49-НП қаулысы «теріс міндеттемелерден» «оң міндеттемелер» парадигмасына өтудің құқықтық прецеденті ретінде қайта қаралып, ұлттық көр- сеткіштер ЭЫДҰ мен БҰҰ индикаторларымен салыстырылады. Сонымен қатар, міндетті Gender Impact Assessment (GIA) мен бірыңғай гендерлік деректер реестрін институционалдандырудың нормативтік моделі ұсынылады. Зерттеу пәні: мақалада Қазақстан Республикасындағы конституциялық теңдік қағидаттары мен олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуының құқықтық және практикалық аспектілері талданады. Зерттеу пәні – гендерлік теңдік нормаларының заңнамалық бекітілуі мен іс жүзіндегі қолданылу механизмі арасындағы сәйкестік және алшақтық. Зерттеу мақсаты: Қазақстандағы конституциялық теңдік қағидаттарының мемлекеттік гендерлік саясат шеңберіндегі жүзеге асырылу деңгейін бағалау, проблемалық аспектілерді айқындау және тәжірибе негізінде ұсыныстар ұсыну. Зерттеу жаңалығы: Зерттеу конституциялық теңдік қағидаттары мен мемлекеттік гендерлік саясат арасындағы имплементациялық алшақтықты құқықтық-институционалдық тұрғыда кешенді қарастырып, 2024 жылғы 23 шілдедегі Конституциялық Соттың № 49-НП қаулысы «теріс міндеттемелерден» «оң міндеттемелер» парадигмасына өтудің құқықтық прецеденті ретінде қайта бағалауға мүмкіндік береді және ұлттық көрсеткіш ЭЫДҰ мен БҰҰ индикаторларымен салыстырылады. Сонымен қатар, міндетті Gender Impact Assessment (GIA) мен бірыңғай гендерлік деректер реестрін институционалдандырудың нормативтік моделі ұсынылады. Негізгі қорытындылар: Нормалардың жеткіліктілігіне қарамастан, институционалдық жауапкершіліктің әлсіздігі, мониторингтің бытыраңқылығы және әлеуметтік-мәдени тосқауылдар де-факто теңдікке қол жеткізуді шектейді, жүргізілген реформалардың әсері тек фрагменттік сипатта қалып отыр. Тұрақты ілгерілеу үшін кешенді антидискриминациялық заң қабылдау, GIA-ны міндеттеу, бірыңғай гендерлік деректер реестрін қалыптастыру, құқық қорғау және сот органдарына арналған мақсатты оқыту бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ арнайы құқықтық тетіктерді бекіту қажет. ru_RU
dc.language.iso kk ru_RU
dc.publisher Право и государство, № 3 (108) ru_RU
dc.subject конституциялық құқық, гендерлік теңдік, мемлекеттік саясат, құқықтық механизмдер, дискриминация, құқықтық формализм, құқықтық трансплантация, институционалдық жауапкершілік, халықаралық стандарттар, гендерлік индикаторлар ru_RU
dc.title Конституциялық теңдік қағидаттары және олардың мемлекеттік гендерлік саясат аясында жүзеге асырылуы: ғылыми талдау және практикалық қырлары ru_RU
dc.type Статья (Article) ru_RU


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record