Abstract:
Мақала нормативтік жас дағдарысы кезіндегі баланың дамуының
жағымсыз факторларын зерттеуге арналған. зерттеу материалдары кіші
жастағы оқушылардың дамуының қиын кезеңдерінде қандай қиындықтарға тап
болуы ықтимал екенін түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада жастық дағдарыс
кезіндегі жағымсыз әсерлердің психологиялық диагностикасы, ата-ана мен
бала қарым-қатынасындағы қиындықтар, әлеуметтік-психологиялық бейімделу
ерекшеліктері, зияткерлік көрсеткіштер және баланың жеке басының дамуы
кезіндегі кіші оқушының гормоналды фонын талдау қарастырылады.