Аннотация:
Арбитраж – бұл дауларды шешудің балама процесі, ол әдетте Америка Құрама Штаттарында
Тараптар арасындағы дауларды шешу үшін қолданылады, ал бізде көбіне экономикалық істер
бойынша қолданылады. Бұл процесс сот үсін жүргізуге балама ретінде пайдаланылады және әдетте
дәстүрлі сот ісін жүргізуге қарағанда жылдамырақ, арзанырақ және икемді.
Зерттеу пәні: бұл зерттеуде Қазақстан мен АҚШ-тағы төрелік процеске талдау жасалады.
Төрелік – бұл дау-дамайдағы тараптар міндетті шешім қабылдау үшін өз істерін төреші деп аталатн
үшінші тарапқа беруге келісетін процесс. Төреші, әдетте, дау тақырыбында сарапшы болып табылады және оны тараптар таңдайды. Төрелік процесс тараптар арасындағы келісіммен реттеледі, ол
төрелік барысында ұстануға тиісті ережелер мен рәсімдерді белгілейді.
Зерттеу мақсаты: осы мақаланың мақсаты Америка Құрама Штаттарындағы және Қазақстан
Республикасындағы төрелік процесті, оның ішінде артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеу.