Digital repository of KAZGUU University

Оңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің Мәмілесін жарамсыз деп танудың құқықтық салдары: салыстырмалы талдау

Show simple item record

dc.contributor.author Копжасарова, С.И.
dc.date.accessioned 2026-01-09T07:58:07Z
dc.date.available 2026-01-09T07:58:07Z
dc.date.issued 2025
dc.identifier.uri http://repository.mnu.kz/handle/123456789/2645
dc.description.abstract Зерттеу тақырыбының өзектілігі борышкердің мәмілелерін оңалту және банкроттық рәсімдерінде жарамсыз деп тану механизмдерін және оның құқықтық салдарын жетілдіру қажеттілігімен айқындалады. Мәмілені жарамсыз деп танудың құқықтық салдарын дұрыс қолдану мүліктік массаны толықтыруға, нәтижесінде оңалту және банкроттық процедурасын экономикалық тұрғыдан тиімді етуге мүмкіндік береді. Зерттеудің пәнін борышкердің оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі мәмілелерін жарамсыз деп танудың арнайы негіздері, тәртібі мен құқықтық салдарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты доктриналық көзқарастар мен Қазақстан Республикасының сот тәжірибесі және шет мемлекеттердің банкроттық заңнамасының құқықтық нормалары құрайды. Зерттеу мақсаты – борышкердің мәмілесін арнайы негіздер бойынша жарамсыз деп танудың құқықтық салдарларын зерттеу, шет елдердің заңнамасын салыстырмалы талдау, тиімді тұстарын анықтау. Зерттеу заңнаманы қолданудағы проблемалық аспектілерді анықтауға және құқықтық тәжірибені жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған. Зерттеудің әдістемелік негізін формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, доктриналды, формальды-құқықтық тәрізді жалпы және жеке әдістер құрайды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану саласындағы құқықтық салдарларды кешенді түрде салыстырмалы-құқықтық тұрғыдан зерделеу арқылы, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіруге бағытталған тұжырымдар жасалуында көрініс табады. Зерттеу нәтижесінде банкроттық реституцияның классикалық реституциядан құқықтық табиғатының ерекшелігі қарастырылды. Сондай-ақ доктринадағы банкроттық рәсімінде борыш- кердің мәмілесі жарамсыз деп танудың құқықтық салдары ретінде тараптарды бастапқы қалпына келтірудің орнына, басқа тиімді тетіктерін қолдану бойынша мәселелер зерттелді. ru_RU
dc.language.iso kk ru_RU
dc.publisher Право и государство, № 3 (108) ru_RU
dc.subject оңалту және банкроттық, борышкер, кредитор, контрагент, мәміле жарамсыздығы, арнайы негіздер, реституция, банкроттық реституция, мүліктік масса, сальдо-өндіріп алу механизмі ru_RU
dc.title Оңалту және банкроттық рәсіміндегі борышкердің Мәмілесін жарамсыз деп танудың құқықтық салдары: салыстырмалы талдау ru_RU
dc.type Статья (Article) ru_RU


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record