Abstract:
Мақала Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің 20-жылдығын салтанатты мерекелеу шеңберінде танымал ғалым-заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұрат Тәжі-Мұратұлы Баймахановтың атындағы дәріс залының ашылуына арналған. Автор академиктің зерттеулеріне, оның заң жобаларына қатысқан белсенді қызметіне көңіл аударады. Себебі, профессор ірі мемлекеттік шешімдерді – конституция жобаларын, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын құқықтық қамтамасыз
ететін әкімшілік реформаларды дайындаушылардың бірі болып табылады. Оның 50-ден аса шәкірті кандидаттық, ал 10-ы докторлық диссертация қорғаған.